Қазақ тойына арналған⚡ 5 минутта дайын

Тойыңызға жарасатын шақырубір кеште емес, бір минутта

Ою-өрнегі, әні және анимациясы бар тірі шақыру жасаңыз. Дизайнер де, баспахана да, ұзақ күту де қажет емес — сілтемені WhatsApp-қа жіберсеңіз болды.

Тіркелудің қажеті жоқ · Алдын ала тегін көресіз

79
дайын үлгі
15
той түрі
∞
қонақ саны

Дизайндар

Сөзден гөрі, өзі көрсетеді

Түсі ауыстырылған бір қалып емес — әрқайсысы бөлек жасалған дизайн. Төмендегілер нағыз шақырулар, дәл осылай ашылады.

Сырғытып көріңіз →

Нақты уақытта

Кім келетінін алдын ала біліңіз

Қонақтарды телефонмен бір-бірлеп аралаудың қажеті жоқ. Шақыруды жібердіңіз — жауаптар жеке кабинетіңізге өзі жиналады. Дастарқанға қанша орын дайындау керегін дәл білесіз.

  • ✓Ашылым саныШақыруды қанша адам ашқанын көріп отырасыз
  • ✓Қонақтар жауабыКім келеді, кім келмейді — санақ өзі жүреді
  • ✓Жылы тілектерҚонақтардың тілектері кабинетіңізде сақталады
Өз шақыруымды жасау →

Аружан & Дәулет

Үйлену тойы · 19 қыркүйек

Белсенді

0

Ашылым

0

Келеді

0

Келмейді

0

Тілек

Соңғы жауаптар

  • ААйдана апай2 адам келеді
  • ББекзат ағаОтбасымен келеді
  • ГГүлнәрТілек қалдырды

Оп-оңай

Бар болғаны 3 қадам

01

Тойыңызды таңдаңыз

Үйлену тойы, қыз ұзату, сүндет, бесік той, мерейтой — 15 той түрі дайын тұр.

02

Мәліметті толтырыңыз

Есімдер, күні, мекен-жайы, фото мен ән. Бәрі телефоннан, бір парақта.

03

Сілтемені бөлісіңіз

WhatsApp, Instagram, Telegram — қонағыңыз ешнәрсе жүктемей ашады.

Неліктен Qonaq?

Тойға лайық шақыру — бәрі ойластырылған

⚡

5 минутта дайын

Дизайнерді күтудің қажеті жоқ. Толтырдыңыз — шақыруыңыз дайын.

🔓

Тіркелу де, құпиясөз де жоқ

Тек телефон нөміріңіз. Есте сақтайтын пароль жоқ.

🎨

79 тірі үлгі

Әрқайсысы қазақ тойының рухымен: ою-өрнек, дала түстері, алтын нақыш.

🎵

Әуен мен анимация

Шақыру ашылған сәтте әні қосылып, мәтіні жанданады.

📸

Өз фотоларыңыз

Суреттеріңізді жүктеңіз — шақыру шынымен сіздікі болсын.

✅

Қонақ жауабын жинау

Кім келеді, қанша адам — санақ өзінен-өзі жүреді.

💬

Тілектер қабырғасы

Қонақтарыңыздың жылы сөздері бір жерге жиналып отырады.

🗺️

Карта, бағдарлама, дресс-код

Қонақ адаспайды, кешікпейді және не киерін біледі.

Сұрақ-жауап

Жиі қойылатын сұрақтар

Шақыру қанша уақытта дайын болады?+

Орта есеппен 5 минут. Той түрін таңдап, есімдер мен күнді толтырсаңыз — шақыруыңыз сол сәтте дайын болады.

Тіркелу немесе құпиясөз керек пе?+

Жоқ. Тек телефон нөміріңізді енгізесіз — шақыруларыңыз сол нөмірге байланады. Есте сақтайтын құпиясөз де, электронды поштаны растау да жоқ.

Жарияламас бұрын көріп ала аламын ба?+

Иә. Шақыруды толық жасап, «Алдын ала» батырмасымен өз көзіңізбен көресіз. Бәрі көңіліңізден шықса ғана жариялайсыз.

Қонақтарым қосымша жүктеуі керек пе?+

Жоқ. Сілтемені басқанда шақыру телефонның браузерінде ашылады — Android та, iPhone та, компьютерде де бірдей әдемі көрінеді.

Қанша қонақ шақыра аламын?+

Шектеу жоқ. Бір сілтемені қанша адамға жіберсеңіз де, барлығы ашып, жауабын қалдыра алады.

Той өткеннен кейін шақыру қалады ма?+

Иә, сілтеме тойдан кейін де жұмыс істей береді — қонақтарыңыздың тілектерімен бірге отбасылық естелік болып қалады.

Фрилансер немесе той агенттігі ретінде серіктес бола аламын ба?+

Иә. Клиенттеріңізге шақыру жасап, бағасын өзіңіз белгілейсіз — клиент төлегенде сомасының бір бөлігі балансыңызға түседі. Толығырақ «Серіктестерге» бөлімінде.

Серіктестік

Qonaq-пен табыс табыңыз

Той агенттігі, фотограф, тамада немесе фрилансер болсаңыз — клиенттеріңізге шақыру жасап, бағасын өзіңіз белгілеңіз. Клиент төлейді — сомасының бір бөлігі балансыңызға түседі.

Тойыңыз есте қаларлық болсын —шақыруынан бастап

Мыңдаған қазақстандық отбасы Qonaq арқылы шақырады. Кезек сізде.

Шақыру жасау →

Тіркелудің қажеті жоқ · 5 минут